Елімізде ең төменгі жалақы мөлшерінің 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтерілетінін сарапшылар қолдайды. Олардың пікірінше, бұл өзгеріс табысы аз азаматтар үшін үлкен демеу болмақ. Десе де, мамандар алаңдаушылық та білдірді. Табыс өскенде, нарықтағы бағаның да бірге шарықтап кетпеуін қадағалау қажет деп есептейді. Ол үшін Үкімет инфляцияны тізгіндеп, бағаны тұрақты ұстаудың нақты тетіктерін қазірден бастап ойластыруға тиіс.
ӘСЕЛ АБАТБЕК, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
Инфляциямен күресу арқылы біз бағаны теңдікте ұстап тұрып, жәрдемақылар мен төлемақыларды көбейтуіміз керек. Демек, біздің әлеуметтік қызметтеріміздің жалақысын көбейткен сайын, халықтың да жағдайы жақсаруы керек деп ойлаймын.