Елімізде микро және шағын бизнеске кедергі келтірмей, керісінше оның өркендеуіне жағдай жасау керек. Ал Президенттің осы салада кәсібін дөңгелетіп отырғандарды тексеруге тағы үш жыл мораторий жариялау керек деген бастамасы өте құптарлық іс. Бұл сарапшы Айбар Олжайдың пікірі. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып жатқандарды түртпектеуді азайтса, олардың табысы артып, қазынаға түсетін салық та көбейеді.
АЙБАР ОЛЖАЙ, САРАПШЫ:
Мораторий негізі кәсіпкерге әкімшілік тексеру деген алаңдауға өзінің ресурсын босатуға мүмкіндік береді. Алаңдамай өзінің жұмысын істей береді. Мораторий оған белгілі не беріп тұр ғой. Қайта-қайта тексеріс келмей, есесіне өзінің бизнесін жақсылап түзіп, салығын төлей алады. Мемлекет басшысының айтқаны ғой. Бизнеске кедергі келтірмесе, ол өзін бәрі дұрыс істейді деген идеясы сол да.