Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Көлік жуатын орталықтарға су беру шектеледі

Енді көлік жуатын орындарда ауыз суды пайдалануға шектеулер енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында салаға жауапты министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, жаңа Су кодексінде тіршілік нәрін тиімді тұтыну, оның ысырабын азайту және пайдалану талаптарын сақтау жөнінде заңнамалық талаптар күшейді.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Автокөлік жуу орындарында технологиялық мақсаттарға орталықтандырылған ауыз суды пайдалануды шектеу бойынша Су кодексіне түзетулер әзірленуде. Су шаруашылығы инфрақұрылымының ауқымды жұмыстары жалғасуда.

Ведомство басшысы елдегі су тұтынудың 60 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі екенін, сондықтан үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық берілетінін жеткізді. Ал 2030 жылға қарай тіршілік көзін қайта пайдалану үлесін 28 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал коммуналдық-тұрмыстық секторда жыл сайын қосымша 260 млн текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік бар. Айта кетейін, Президент Жолдауда су ресурстарының тапшылығын жою үшін жүйелі әрі батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтқан еді.

← Барлық жаңалықтар