Мазмұнға өту
· 119 қаралым

Тәрбиешілер мен педагогтердің жалақысына үстемақы қосылады

Биыл қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтерінің жалақысына 30 бен 50 пайыздың аралығында үстемақы қосылады. Мұндай жаңалықпен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті. Еліміздің бас ұстазының сөзінше, қосымша қаржы қосылу үшін олар арнайы аттестациядан өтеді. Мектепке дейінгі және кейінгі мекеме тәлімгерлерінен бөлек, орта білім жүйесіндегі ұстаздарды қосқанда жалпы саны 100 мың мұғалім өз білімін арнайы тест кезінде дәлелдеуі тиіс.

← Барлық жаңалықтар