Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Сақалды 10 жігіт не істемек болды?

Атырауда сақалды 10 адам ұсталды. Олар экстремистік топ құрды деген күдікке ілініп отыр. Тінту кезінде үйлерінен қару-жарақ, есірткі, діни кітаптар табылған. Бұған қоса балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығын ашып қойыпты. Қазір олардың жұмысы тоқтатылды. Ұсталғандардың арасында террористік қылмыстар үшін сотталғандар да бар екен. Алдын ала болжам бойынша, олар елдегі басқару жүйесін өзгертуді көздепті. Десе де, әлі нақты қандай жоспар құрғаны, кімдермен байланыс орнатқаны белгісіз. Құзырлы орган өкілдері бастан-аяқ тергеп жатыр.

← Барлық жаңалықтар