Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Елімізде дрондар қатаң тексеріледі

Енді елімізде дрондар қатаң тексеріледі. Оларды ұшыру ережесі айтарлықтай өзгереді.

Жаңа жоспар бойынша дрон иелеріне міндетті сақтандыру енгізіліп, арнайы рұқсат қағазы талап етілмек. Ұшу барысын Ішкі істер министрлігі қадағалайды. Ал аппараттарды тіркеу мен ұшу бағытын келісу толықтай интернет арқылы, бір жүйеде жасалады.

Сонымен қатар бұл істі бала кезден үйрету қолға алынбақ. Мектептерде үйірмелер ашылып, колледж бен жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіледі. Осылайша елде дрон басқаратын, оны құрастыратын кемі бір мың кәсіби маман даярланбақ.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар