Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Нәрестелердің шетінеуі азайды

Орталық Азия бойынша ең төменгі көрсеткіш: Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі айтарлықтай азайды.

Ресми мәліметке сүйенсек, қазір тірі туған әрбір мың сәбиге шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші үшке дейін төмендеген. Бұған заманауи технологиялар мен перинаталдық көмектің сапасы, сондай-ақ ауруды ерте анықтау жүйесі сеп болды.

Бүгінде елімізде ұрықты қорғаудың 22 орталығы жұмыс істеп тұр. Онда ана құрсағындағы шақалақты емдеудің озық әдістері қолданылады. Нәтижесінде салмағы өте аз шала туған нәрестелердің аман қалу көрсеткіші бірден 57 пайызға артты.

Сондай-ақ туа біткен ақауларды дер кезінде анықтау 12 пайызға өсіп, бала өлімі тағы 15 пайызға кеміді. Алдағы уақытта медициналық жәрдемді одан әрі жақсарту үшін еліміздің әр өңірінде заманауи 16 перзентхана мен шипажай кешені бой көтермек.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар