Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қазақстанда жол құрылысының стандарты өзгереді

Үкімет автожол саласын түбегейлі реформалауға кірісті. Олжас Бектенов жол құрылысының ережелерін жаңартып, сапасыз жұмыс істеген мердігерлердің жауапкершілігін қатаңдатуды тапсырды. Енді тасжол төсегенде әр аймақтың ауа райы мен қозғалыс қарқыны жеке есепке алынады. Жолдың сапасын арттыру үшін Superpave технологиясы мен ыстық-суыққа шыдамды битум қолданылмақ. Ал ауыр жүк көліктерінің асфальтты бұзбауын қадағалайтын бекеттер бірыңғай E-Kolik жүйесіне біріктіріледі. Саладағы тексеріс те күшейді. Бүгінгі таңда 33 заң бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тіпті келтірілген залал көлемі 8 миллиард теңгеге жуықтапты. Сондай-ақ заңсыз өткізілген тендерлер тоқтатылып, 36 миллиард теңге шығынның жолы кесіліпті. Жиын соңында Үкімет басшысы автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобына талқылауды аяқтап, ұсыныстарды қараша айының соңына дейін әзірлеуді тапсырды.

← Барлық жаңалықтар