«Дайдидау» әні Испания төрінде шырқалды.
Димаш Құдайберген өзінің 16 жастағы тыңдарманы Жанельді сахнаға шақырып, дуэт орындады.
Айта кетейік, өнер иелері осымен бір сахнада екінші рет кездесті. Бұған дейін былтыр қарашада Барселонада өткен концертте де бірге ән салған еді. Жанель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Димашпен қайтадан бір сахнада өнер көрсету үлкен бақыт екенін жазды. Ал желі қолданушылары жас әншінің орындау шеберлігіне тәнті болып жатыр.