Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Балықтарды құтқарды

Ақтөбеліктер ерекше құтқару операциясына куә болды.

Қаланың ортасымен ағып жатқан жасанды Сазды су тоғаны қалалықтарға жақсы таныс. Биыл сол өзеннің суы әжептәуір тартылып қалған еді. Құрғап қалуы жануарлар дүниесіне де қауіп төндірді.

Осыған алаңдаған балық инспекциясының мамандары құтқаруға кірісті. Әуелі ау салып, шортан, мөңке, алабұғаларды ұстап алды. Сосын бәрін Елек өзеніне жіберді.

Терең әрі қорегі мол қолайлы ортада енді балықтар жақсы қыстап шығады, дейді инспекция мамандары. Мұндай құтқару шаралары маусым бойы жалғасады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар