Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Қандас мәртебесін алудың тәртібі қандай?

Ата жұртын аңсап, отанына оралған ағайынға құлаққағыс.

Қазақстанда қандас мәртебесін алудың тоғыз түрлі талабы бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушылар білуі тиіс ең маңызды қадамдарды түсіндіріп берді.

Ең алдымен, қолайлы өңір таңдап алған жөн. Бұл мақсатта жеті аймақ анықталған. Сонымен қатар ҚазТест сайты арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейі тексеріледі.

Білім мен жұмыс тәжірибеңіз, денсаулық жағдайыңыз бен отбасы құрамы туралы мәліметтерді көрсетіп, сауалнамадан өту де басты талаптардың бірі. Ал жаңа ортаға бейімделуге мамандандырылған орталықтар көмектеседі. Олардың қолдауымен ықтиярхат та рәсімдей аласыз. Басты шарттарды ведомствоның сайтынан көруге болады.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар