Мемлекет басшысының Жолдауындағы денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы тапсырмасы халықтың көңілінен шығып отыр. Тұрғындар бұл бастама медициналық қызметтің сапасын көтеріп, мамандарға құрметті арттырады деген пікірде. Әсіресе учаскелік дәрігерлердің айлығын 40 пайызға көтеру дер кезінде қолға алынып отыр, дейді.
БИБІСАРА МҰРАТБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Әрине, қолдаймын. Дұрыс, дәрігерлердің еңбегі зор ғой. Олардың білім алуының өзіне қаншама уақыт кетеді. Білім алғаннан кейін тағы аспирантура дегені бар. Көптеген жоғары оқу орындарын бітіреді. Әрбір ауруға отырып, оның қал-жағдайын сұрап, тексеріп, анализдері бар. Оңай емес. Ол өте үлкен шаруа.
ШАЙЗАДА АЛПЫСБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Әрине, ол енді адам жанының арашасы ғой. Олардың еңбегіне сай ақылары болуы керек деп ойлаймын. Президентімізге рақмет сондай іс-шараны көтеріп жатқанына. Халқын сыйлап, халқына жағдай жасап жатыр. Мен қостаймын.
ЕРГЕЛДІ ҚАБЫҚАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Поликлиникаға барамыз. Участковый врачтарымызға барамыз. Врачтарымыз бәрі жақсы, жақсы қабылдайды. Енді обязательно көтеру керек. Олар таңертеңнен кешке дейін жұмыста. По участкам жаяу жүреді.