Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Шелек тепті, жұмыстан кетті

Еден жуушыға шүйлігіп, ашуын шелектен алған директордың әйелі ақыры жұмысынан айырылды. Тазалықшыға тап берген келіншекті Маңғыстау облысының білім басқармасы осылай жазалапты. Ақтаудағы жекеменшік мектепте сабақ беретін мұғалімнің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Бейнебақылау камерасына жазылған кадрлар көптің ашуын туғызған. Арнайы комиссия жүргізген тексеру нәтижесінде педагогқа қатаң сөгіс жарияланып, әдепке жат қылығы үшін қызметінен қуылды. Оқиғаның мән-жайын полиция да тексеріп жатыр. Ал атышулы мұғалім жанжалға тазалық қызметкерінің өсек таратуы себеп болғанын айтып отырған көрінеді.

← Барлық жаңалықтар