Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Су қоры цифрлық бақылауға алынды

Су сарқылмайтын байлық емес.

Елімізде тіршілік нәрінің қанша қоры бар, қайда жұмсалып жатыр, ал қай өңірде тапшылық байқалады? Енді мұның бәрі бір орталықтан бақыланады. Астанада су ресурстарын жедел қадағалап, талдауға мүмкіндік беретін Ситуациялық орталық ашылды.

Басқару штабы Германияның GIZ ұйымының қолдауымен жабдықталған. Сегіз экранды бейнеқабырға арқылы аймақтардағы ахуалды бақылап, өзгерістерге шұғыл әрекет етуге болады.

Ақпараттық жүйеге 23 мыңнан астам су нысаны туралы дерек енгізілген. Ол 15 модульден тұрады және 12 ведомстволық базаға біріктірілген. Ведомствоның хабарлауынша, онда өтініш беруден бастап төлем жасауға дейінгі процестер түгел автоматтандырылған. Бұл су қорын есепке алып қана қоймай, оны тиімді басқаруға сеп болмақ.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар