Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Астан уланған балалар елге оралды

Ташкентте астан уланған жас футболшылар құлан-таза айығып, Қазақстанға оралды. Естеріңізге салсақ, аптаның басында Өзбекстан астанасына жарысқа барған бір топ бала ауруханаға түскен болатын. Қарағандылық өрендер Dostlik Cup 2026 халықаралық турниріне қатысқан. Қазақстан елшілігінің мәліметінше, балаларға екі елдің денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп көмек көрсетті. Дәрігерлер қажетті ем-дом жүргізіп, жан-жақты көмек ұйымдастырған. Кеше спортшылардың ата-аналары ауруханаға келіп, балаларын шығарып алды. Олар көрсетілген қолдау үшін дәрігерлер мен екі елдің дипломаттарына ризашылығын жеткізді.

← Барлық жаңалықтар