Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Қытай мен Еуроодақ байланысына көлеңке түсті

Қытай мен Еуроодақ байланысына көлеңке түсті. Оған Бельгияның өз нарығын қорғау үшін енгізген шаралары себеп. Брюссель Кәрі құрлықтың экономикасын тұрақтандыру мақсатында біржақты механизм дайындады. Ал бұл Қытай сияқты агрессивті экономикалық саясат ұстанатын елдердің тынысын тарылтады екен. Мұндай шектеулерге Бейжің тарапы бірден қарсы шықты. Шығыстағы көршіміз Еурокомиссияның шарасын негізсіз деп бағалады. Егер Брюссель әлем елдерін алалауды тоқтатпаса, ресми Пекин қарсы жауап беруге дайын. Айта кетейік, Бейжіңге қарсы құжатты дайындау өткен қазан айында қарқын ала түсті. Жаңа жобаның шұғыл әзірленуіне Франция мен Германия тарапы мүдделі болды. Өйткені қос мемлекет Қытаймен сауда-саттықтан пайда көрмей отыр екен. Қытай кеден қызметінің дерегінше, соңғы жылдары Пекиннен жаһанға жөнелтілетін арзан тауарлардың үлесі 25% артып, Еуроодақ елдерінің өндірісін тығырыққа тірепті.

← Барлық жаңалықтар