Мазмұнға өту
· 147 қаралым

Иранда әкесі 14 жасар қызын жауыздықпен өлтірген

Иранда туған әкесі 14 жастағы қызын асқан жауыздықпен өлтіріп тастады. Сұмдық оқиға Талеш қаласында болған. Жергілікті басылымның мәліметінше, қатыгез ер адам ұйықтап жатқан жасөспірімнің басын орақпен шауып тастаған. Ромина Ашрафи қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын 35 жастағы сүйіктісімен үйінен қашып кетіпті. Қыздың әкесі олардың қарым-қатынасына қарсы болған екен. Жасөспірімді тауып алған полиция оны отбасына табыстаған. Бірақ оқушы қыз тәртіп сақшыларына үйде оған қауіп төніп тұрғанын бірнеше мәрте ескертіпті. Алайда инспекторлар оның өтінішіне құлақ аспаған. Біраз уақыттан кейін ашуға булыққан ер адамның қолынан туған қызы көз жұмды.

← Барлық жаңалықтар