Жолдаудан шетелдік дипломаттар да шет қалмады. Олар маңызды құжатта көтерілген тақырыптар бойынша пікір алмасты. Елордада Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен ауқымды жиын өтті. Шараға республика аумағында тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері мен халықаралық ұйым жетекшілері шақыртылды. Бас қосуда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен әлем елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызы туралы пікір білдірді. Ал жаһанның түкпір-түкпірінен жиналған елшілер мен консулдық өкілдері Жолдаудағы өзекті тақырыптар жөнінде өз ойларын ортаға салды. Дипломаттар инвестиция, инфрақұрылымдық мәселелерге баса назар аударды.
МИХАЛ ЛАБЕНДА, ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УӘКІЛІ:
Біз бүгін СІМ тарапынан осындай жиынға шақырылдық. Және осындай жиын өте маңызды. Бізде Польшадан келген инвестициялар бар. Олар өте маңызды. Көбінде құрылыс, химия және фармацевтика. Біз осындай бағытта жұмыс істейміз. Оларды әрқашан қолдаймыз. Бірақ жаңа инвестицияларға келсек, біз үшін өте маңызды болады.