Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Ел экономикасы 4,5 пайызға өсті

Ел экономикасы биылғы он айда 4,5 пайызға өсті. Экономика министрлігінің мәліметінше, бұған негізінен өндіріс саласының дамуы ықпал еткен. Әсіресе өңдеу өнеркәсібінде оң нәтиже бар. Мәселен, машина жасау 22 пайызға, фармацевтика 50 процентке артқан. Құрылыс саласы да қарқын алып, 13 пайыздық өсім көрсетті. Бұдан бөлек, сауда-саттық, көлік саласы және ауыл шаруашылығында да көрсеткіш жоғарылаған. Жалпы экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші – өндіріс пен құрылыс саласы.

Қазақстан экономикасының өсімі

ЖІӨ өсімі – 4,5%.

Машина жасау – 22,2%.

Фармацевтика – 50,9%.

Құрылыс – 13,1%.

Сауда – 6,2%.

Көлік және қойма – 7,5%.

Ауыл шаруашылығы – 5,2% .

← Барлық жаңалықтар