Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Қалың қар мен көктайғақ: жүргізушілерге ескерту!

Алыс жолға шығатын жүргізушілердің назарына! Еліміздің 12 өңірінде ауа райы құбылып, республикалық трассаларда қауіп күшейді. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде қалың қар түсіп, трассаларда көктайғақ болады. Тұманнан жолдар дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сондықтан жылдамдықты асырмай, аса мұқият болу керек.

← Барлық жаңалықтар