Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Нөсер жаңбырдың әлегі

Бүгін түнде Алматы құдды бір Венецияға айналды. Нөсер жауынның салдарынан қала көшелері мен аулаларын су басып, тұрғындарды әбден әбігерге салды. Көлік қозғалысы да қиындап, ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Жаяу жүргіншілер жолында жүріп-тұруы қиындаған. Су бұру желісінің толып кетуіне байланысты метроның «Алатау» станциясының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелге су толып қалды. Тұрғындар аяқтарына пакет байлап, әбден әлекке түсті. Шаһардағы мұндай жағдайды халық жаппай жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр. Жаңбырдың салдарын жоюға 1600-дей адам мен 415 бірлік техника, 97 мотопомпа жұмылдырылды.

Шымкентте де жауған нөсер тұрғындарды титықтатып қойды. Көшелер суға толып, жертөлелер мен аулаларға кірген. Десе де, қаланың коммуналдық қызметкерлері шапшаң қимылдап, салдарын тез еңсерді. 214 маман мен 71 дана техника су сору жұмыстарын жүргізді. Арық-атыздар тазаланып, су алған аумақтар ретке келтірілді.

← Барлық жаңалықтар