Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Жәрдемақы: арнайы сервис іске қосылды

Енді мемлекеттік жәрдемақыдан смартфон арқылы-ақ бас тартуға болады.

eGov Mobile қосымшасында осындай жаңа қызмет іске қосылды. Ол үшін қажетті төлем түрін таңдап, электронды өтінішті растау жеткілікті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл мүмкіндік тек қазір көмек алып отырған азаматтарға арналған. Төлемнен өз еркімен бас тартқандар кейін оны қайта рәсімдей алады. Яғни бұл шешім болашақта әлеуметтік қолдауға жүгіну құқығын шектемейді.

Енді өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Ведомство азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады. Жаңа сервис тек ресми мобильді қосымша мен электронды үкімет порталында ғана қолжетімді.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар