Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Жүк вагонының астында қалып, қаза тапты

Екібастұзда теміржол стансасының қызметкері жүк вагонының астында қалып, көз жұмды. 62 жастағы ер адам стансада пойыздар қозғалысының жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген екен. Алайда қайғылы жағдайдың нақты қалай болғаны белгісіз. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр екен.

ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМЖАНОВА, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

← Барлық жаңалықтар