Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Макарон өндіремін деп, 1 млрд жымқырған

Алматылық әйел мемлекеттің 1 миллиардтан астам теңгесін жымқырып, қыруар жер, пәтер мен қымбат көліктер сатып алған. Ғылыми жобаны жүзеге асырамын деп қазынадан қаржы алған ол өсімдік шикізатынан макарон мен ұн өндіретін зауыт ашуға уәде беріпті. Бірақ зауыттың іргетасын қалаудың орнына, миллиардтарды басқа компаниялардың есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, ізін жасырған. Өндіріс жұмыс істеп жатқандай жалған құжат жасап, істің бетін бүркемелеген. Тіпті қолды болған ақшаның 90 миллион теңгеге жуығын қайтадан компания шотына салып, өз қалтасынан шығарғандай көрсеткен. Сөйтіп, мемлекет қазынасына 945 млн теңге шығын келтіріпті. Қазір ол қамауда отыр.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Соттың санкциясымен күдіктінің жалпы құны 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық үй-жай және зергерлік бұйымдар бар. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

← Барлық жаңалықтар