Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Қызбен кездесемін деп, полициядан бір-ақ шықты

Қызбен кездескенде абай болыңыз! Алматылық екі жігіт әлеуметтік желіде танысқан бойжеткенмен кездесемін деп, опық жеді.

Танысу сайтында танысқанбыз. Сөйтіп, уақытына келіскенбіз. Мен осындағы қонақүйге алып кірдім.

Сөйтсе, соқталдай жігіттер интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы жарнаманы көріп, қызды қонақүйге шақырған. Олар келісілген соманы оның қолына ұстатқан соң, бейтаныс ару «сыртқа шығып келейін» деген сылтаумен ізім-ғайым жоғалған. Алданып қалғанын түсінгендер оны көп ұзамай маңайдағы шағын дүкендердің бірінен тауып алып, бірден тәртіп сақшыларын шақырған. Қазір оқиғаға қатысушылардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр, әр тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

← Барлық жаңалықтар