Бір сәттік әзілдің соңы қылмыстық іске ұласты. Павлодарда 9-сынып оқушысы терроризм туралы жалған хабар таратқан. Ол спортзалында сыныптасының телефонын рұқсатсыз алып, жедел желіге қоңырау шалып, лаңкестік жасалғалы жатқанын айтқан. Дабыл түскен бойда оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ақпараттың жалған екенін анықтады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді жасөспірімнің ата-анасы келтірілген шығынды толық өтейді. Айта кетейік, мұндай әрекет үшін заң бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.