Мазмұнға өту
· 105 қаралым

Тауда адасқан үш жасөспірімнің бірі өлі табылды

Түркістан облысында тауда адасып кеткен үш жасөспірімнің бірі өлі табылды. Болжам бойынша, 17 жастағы бозбала жартастан құлап кеткен. Қалған екі бала абырой болғанда дін аман. Бірақ, оларды шатқалдан жерге түсіру оңайға түспеді. Төтенше жағдай қызметінің мамандары бүгін оқушыларды ата-анасына табыстады.

← Барлық жаңалықтар