Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Газдандыру деңгейі 83 пайызға жетеді

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының тұрғындары бөріктерін аспанға атып, қуаныштан төбелері көкке жетпей жүр.

Өйткені екі бірдей ауылға көгілдір отын кірді. Қуанышқа ортақтасқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды құттықтап, өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Мәселен, соңғы үш жылда 65 миллиард теңгеден астам қаржыға 77 жоба іске асырылып, газдандыру деңгейі 83 пайызға жетіпті. Жұмыс мұнымен тоқтамайды. Жыл соңына дейін тағы 10 елді мекен газдың игілігін көріп, халықты қамту көрсеткіші 85 пайызға жетеді екен.

Медеубай Қожас, Қазалы ауылының тұрғыны: «Негізі осы кезге дейін біз көмір жағып, күл шығарып отырған халықпыз. Мынау газ келгенге қуанып отырғанымыз сол. Бір бейнеттен құтылып жатырмыз. Келіндеріміз, апаларымыз, қыздарымыз игілік көріп жатыр».

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар