Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Қалталы азаматтар медицина саласына неге қызығып отыр?

Инвестиция тарту тетіктері қарастырылып жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықаралық бизнес өкілдерімен жиын өткізді. Шарада шетелдіктермен ынтымақтастықты дамыту туралы сөз болды. Сондай-ақ дәрілік заттар өндірісін кеңейту, заманауи емдеу әдістерінің қолжетімділігін арттыру және инвесторлар үшін жағдай жасау тақырыптары талқыланды. Премьер-министр ұлт денсаулығын сақтау мәселесі Конституцияда алғаш рет бекітілгенін атап өтті. Ал мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар оң нәтижесін беріп келеді. Ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жылға жуықтап қалды. Бұдан бөлек, фармацевтика саласын дамытуға да баса мән беріліп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нарық көлемі 1,2 трлн теңгеден асыпты. Қалталы азаматтар да еліміздің денсаулық сақтау саласына қаржы құюға ниетті екен.

← Барлық жаңалықтар