Мазмұнға өту
· 131 қаралым

Көпқабатты үйдің пәтер иелері жер салығынан босатылады

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгертілмек. Енді салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында төлем уақытын 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр. Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылайша жеке тұлғаларға салық салу жеңілдетілетінін жеткізді. Одан бөлек, көпқабатты үйдің пәтер иелері де жер салығынан босатылады. Ол үшін жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылып отыр. Енді екі салық біріңғай төлеммен өтеледі.

← Барлық жаңалықтар