Жаздың үш айында шетелде еңбек етіп, қаржы табамын деген 200-ге жуық қазақстандық студент арнамыздан көмек сұрады. Олардың айтуынша, «Work and Travel» бағдарламасы аясында АҚШ-қа жіберетін елордалық компания өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Біріншіден, мамандар пандемия кесірінен студенттерді шекара асырмаған. Екіншіден, жұмыстарындағы олқылықтар бар болса да, компания төлеп қойған ақшалардың көп бөлігін кері қайтармапты.