Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Білімдегі байланыс

Бүгін Астана әлемнің жетекші университеттерінің ректорлары, ғалымдар мен жоғары білім саласының сарапшылары бас қосқан халықаралық алаңға айналды. Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Стратегиялық серіктестердің III форумында білім мен ғылымның келешегі, жаңа бағыттары талқылануда.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Стратегиялық серіктестердің III форумы өтіп жатыр. Жиынға 400-ден астам университет пен халықаралық ұйым өкілдері жиналды. Қатысушылар жоғары білім сапасын арттыру, ғылымды дамыту және жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу мәселелерін талқылауда. Форумға Гази университетінің ректоры Уғур Үнал да қатысып отыр.

УҒУР УНАЛ, ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Гази университеті мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің тарихы бір ғасырға жуықтайды. Біз ортақ тамырымыз бен мәдениетімізді тоғыстырып отырмыз. Қазақстан мен Түркияның білім саласындағы байланысын нығайту — заңды әрі қажетті қадам. Түркияның білім беру тәжірибесін студенттерге үйретеміз. Алдымен ағылшын тілі мұғалімдерін даярлауды бастадық. Қазір жаңа оқу үлгілерін әзірлеп жатырмыз. Қазақстан әлемдік білімнің дамуына, соның ішінде жасанды интеллект саласына үлес қоса алады деп сенемін.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында Гази университетінің филиалы ашылды. Мұнда 76 студент ағылшын тілі мұғалімі мамандығын меңгеріп жүр. Оларға қазақстандық оқытушылармен қатар Түркиядан келген мамандар да дәріс береді. 

← Барлық жаңалықтар