Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 103 қаралым

Ағын судың әлегі

Түркістан облысында бюджеттің қыруар қаржысына салынған жасанды су қоймасы іске қосылмай тұр. Нысанның құрылысы толық аяқталғанымен, оны меншігіне алар мемлекеттік мекеме табылар емес. Соның салдарынан, үш бірдей елді мекен ағын судан қағылған. Су қоймасының заңды иесі жоқ екенін жақсы білетін кейбір пысықайлар әр жерден су сорғыш құралын орнатып, өз білгендерін жасап жатыр екен. Ал, ағын суға тарыққан шаруалар биыл өнімсіз қалатын болдық деп зар илеуде.

← Барлық жаңалықтар