Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Тарихи Айя-София мешіті астынан жерасты туннельдері анықталды

Ыстанбұлдағы әйгілі Айя-София мешітін қалпына келтіру кезінде ғимарат астынан ғасырлар бойы белгісіз болып келген жерасты туннельдері анықталды.

Зерттеушілердің болжамынша, олардың кейбірі Рим дәуіріне тиесілі болуы мүмкін. Мамандар бұларды ежелгі қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі болған деп есептейді.

Зерттеу жұмыстары шамамен екі жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде ғалымдар жерасты өткелдерінен үш мың тоннаға жуық топырақ пен құрылыс қалдықтарын шығарған. Болашақта бұл орындар туристерге есігін айқара ашуы мүмкін. Ол үшін қауіпсіздігі тексеріліп, қажет болса, құрылымдары нығайтылмақ.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар