Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Отандық құс етінің нарықтағы үлесі артты

Елімізде құс шаруашылығы қарқынды дамып жатыр.

Алдағы уақытта жылына 200 мың тонна өнім өндіріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір ішкі нарықтағы сұраныстың 78 пайызын отандық өндірушілер қамтамасыз етіп отыр. Ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 58 пайыз болған.

Саланың өркендеуіне мемлекеттік қолдау мен жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы серпін берген. Бүгінде республикада 70 құс фабрикасы бар. Оның 37-сі жұмыртқа, қалғаны ет бағытында жұмыс істейді.

Отандық тауарға шетелде де сұраныс жоғары. Мәселен, биылғы 9 айда сыртқа 14 мың тонна құс еті жөнелтілген. Енді кәсіпкерлер Қытай нарығына жол ашып, тағы бірнеше жаңа кешен салуды көздеп отыр.

← Барлық жаңалықтар