Шымкентте ер адам бойжеткенге стақан лақтырып, тісін сындырды. Оқыс оқиға дәмханалардың бірінде болды. Жәбірленушінің айтуынша, көрші үстелде отырған бір топ жігіт айқайлап сөйлеп, мазаларын алған. Мұнымен тоқтамай, олар қыздармен танысқысы келіп, қырындаған. Алайда қыздар келіспеген. Бұған ашуланған соқталдай ер адам балағат сөздер айтып, оларға қарай стақан лақтырған. Қас қылғанда ұшқан зат нәзік жанның тура бетіне тиіп, тісі сынып, ерні жырылған, ал әйнектің сынығы қолын сүйегіне дейін тіліп кетіпті. Қазір күдікті қамалып, тергеу жүріп жатыр.
БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды.