Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

«Қазақмысқа» жұмысқа орналастыру үшін ақша сұраған

«Қазақмысқа» жұмысқа тұру қанша тұрады? Тәртіп сақшылары жыл басынан бері аты дардай корпорацияға қызметке аламыз деп жұртты алдаған 9 жағдайды анықтаған. Келтірілген шығын 16 миллион теңгеден асады екен. Осындай заңсыздықтың соңғысы жуырда ғана болған. Күдіктілердің арасында кадр бөліміне еш қатысы жоқ қарапайым слесарь да бар. Ол 6 адамды сендіріп, әрқайсысынан екі жарым миллион теңгеге дейін ақша сұраған. Қазір мұндай фактілерді кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі мен полицейлер бірлесіп тергеуде. Ал компания басшылығы «Қазақмысқа» тек ашық конкурс арқылы әрі тегін кіруге болатынын ескертеді. Барлық бос орындар мекеменің career.kazakhmys.kz порталында жарияланады.

← Барлық жаңалықтар