Мазмұнға өту
· 145 қаралым

Халыққа Көбейтұз көліне баруға тыйым салынды

Көбейтұз көлі коронавирустың артуына сеп болуы мүмкін. Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы әсемдігі көз тартар қызғылт түсті суға баруға тыйым салынды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ағылған адамдардан кейін аймақта індет өрши түскен. Демалушыларға қанша ескерту жасалса да, олар ара-қашықтықты сақтамайды, санитарлық талаптарға құлақ аспайды. Сондай-ақ соңғы кезде көлдің құрамы да күрт бұзылған. Алғашында сұлу табиғаттың аясында тек суретке түсеміз дегендер, судағы тұз бен балшықты да қаптап әкетіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар