Алматыда бір қолынан айрылған келіншекті әлеуметтік мекеме еңбекке жарамды деп тапқан. Төрт ай бұрын дәрігерлер оның бір қолын кесуге мәжбүр болған. Ал медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы оған үшінші топтың мүгедектігін белгілеген. Алайда Жанна Тойғанбаева мұндай шешіммен келіспейді. Бір мүшесінен айрылған ол екінші топты беруді сұрауда.