Мазмұнға өту
· 200 қаралым

Бетін пышақпен тілгілеген бұрынғы күйеуін соттамауды сұрады

Бұрынғы келіншегінің бетін пышақпен тілгілеген ер адамға үкім шықты. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 38 жастағы айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешіріп, судьядан оны бас бостандығынан айырмауын сұраған болатын. Алайда сот ер адамның қылмысты қатыгездікпен жасағанын ескеріп, әрі кінәлінің ол кезде мас болғанын алға тартып, қоғамнан оқшаулау дұрыс деп тапқан.

← Барлық жаңалықтар