Мазмұнға өту
· 196 қаралым

Ежелгі тұрғын үй мен кесене орны табылды

Түркістан облысында XV ғасырға жататын тұрғын үйлер мен кесене орны табылды. Отырар ауданында ежелгі шаһардың орнын қазып жүрген археологтар көне қаланың үстінен түскен. Мамандардың сөзінше, қазба жұмыстары кезінде шыныдан жасалған моншақ бөліктері мен күміс теңгелер көмбесі де шыққан. Қазір табылған дүниелер топырақ астынан аршып алынып, сараптамаға жіберілген.

← Барлық жаңалықтар