«Бас киіммен ұйықтаймыз!» Ақтөбеде тұтас бір шағын аудан тұрғындары жылусыз отыр. Ондағы жұрт баспанасын мемлекеттік бағдараламамен алған. Бүрсеңдегендер мәселесін айтып, талай табалдырықты тоздырыпты. Еш нәтиже болмағаннан кейін облыс әкімдігіне баса-көктеп кіріп барды. Қалтыраған қараша халық әкіммен жүздесе алды ма? Сырты бүтін, іші түтін баспананың сапасына кім жауапты?