Кәсіпкерлер қара жұмысшы таппай кәсіптерін жауып жатыр. Шетелдік жұмыс күші өз елдеріне кеткелі біздегі шағын-орта бизнес әжептеуір шатқаяқтап қалды. Себебі өзбек бауырлардың 3 мың теңгеге тындырып жүрген тірлігіне қазекем екі, тіпті үш есе артық ақша сұрайды. Сұрағанын бермейін десең, жұмыс тұралайды, құрылыс кешігеді… тағысын тағы…