Лифт шахтасы тағы бір адамның өмірін жалмады. Шымкентте салынып жатқан биік ғимараттың 11 қабатынан құрылысшы құлап қаза тапты. Жоғарыда жұмыс істеп жүрген 25 жастағы жігіт құлаған жерінде алған жарақатынан жан-тәсілім еткен. Қазір, қайғылы жағдайға байланысты еңбек инспекциясы жанынан арнайы топ құрылып, оқиғаны зерттеуге кірісті. Құрылыс нысанына біздің түсірілім тобымыз да барып келген еді. Оқыс жайт туралы тілшіміздің нұсқасын тыңдайық.