Мазмұнға өту
· 106 қаралым

Ауыл тұрғындары медпункт пен мектепті өздеріп салып жатыр

Алматы облысындағы Сарқан ауданы тұрғындары өзекті мәселелерді демеушілердің көмегімен өздері шешуге кірісті. Арнайы қоғамдық қор құрып, ауыл-ауылдарда фельдшерлік пункт пен бастауыш мектеп салуда. Бастама былтыр Кәкімжан Қазыбаев ауылында қолға алынып, биыл 3 елді мекенде жалғасын тауып отыр. Көктемде құрылысы басталған нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне тапысырылмақ.

← Барлық жаңалықтар