Мазмұнға өту
· 180 қаралым

Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жұмысшы мерт болды. 34 жастағы ер адамның үстіне құрылыс панелі құлап кеткен. Ауыр дене жарақатын алған ол оқиға орнында жан тапсырған. Осы жағдайға байланысты шұғыл комиссия құрылып, тексеру басталды. Марқұм Өзбекстан азаматы екен. Шымкентке 2 күн бұрын ғана келген ол жаңа жұмыс орнымен танысып жүргенде өмірімен қош айтысқан.

← Барлық жаңалықтар