Мазмұнға өту
· 416 қаралым

Қызды ақ кілемге отырғызып ұзатты

Бұл қандай дәстүр? Қазнетте бір топ ер адамның қызды ақ кілемге отырғызып, ұзатып жатқан видео жарияланды. Мұндай салтты бұрын-соңды көрмеген жандар таңданысын білдірген. Желі қолданушыларының жазуынша, бұл дәстүрді Маңғыстау облысының тұрғындары ұстанады. Екі күн қатарынан ұзату тойын өткізген жұрт, қызды киіз үйден осылай шығаратын көрінеді. Ал кілемді тек ағалары көтереді екен.

← Барлық жаңалықтар