Айдалада ақ отау, суы, газы жоқ отау. Ақтөбе облысында арман болған 10 сотық жерді алып, баспанасын салып алған тұрғындар өркениеттен жұрдай елді мекенде тұрып жатыр. Шенділерге айтқан шағымнан нәтиже болмаған олар әкім-қараларды қақаған суық үйде тұрың көріңдер деп үйлеріне шақырды.