Оңай олжамен ақша таппақ болған әйел адамның әрекеті әшкереленді. Тараз тұрғыны әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтардың 4,5 млн теңгесін қалтасына басқан. Алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылар салған қаражатты 30-дан 60 пайызға дейін арттыратынын айтып уәде берген. Сенім білдірген азаматтардан пайда тапқан соң, ол өз телефон нөмерін өзгертіп, ізін суытқан.