Ақтауда шәкіртін зорлаған бапкерке сот үкімі шықты. Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Жаға ұстатарлық жағдай елді жарты жыл бұрын дүрліктірген еді. Ер адам жасөспірімдерді спорттың каратэ-до түрімен жаттықтырған. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұрып, оның сенімін пайдаланған. Яғни, өзінің жаттықтырушы ретінде ықпал ететінін түсініп, оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Бұл деректер сот процесі кезінде анықталды.